«ОЗ ЭКОБИООРТАЛЫҒЫНЫҢ» ҚҰРЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ - 2026» АТТЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХХV АЙМАҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2026 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің қолдауымен облыстың қалалық және аудандық білім беру ұйымдары қатысушыларын тарта отырып, «ОЗ Экобиоорталығының» құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Экологиялық білім және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2026» атты дәстүрлі мерейтойлық ХХV аймақтық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясын өткізді.
Конференцияның өткізілген орны – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, Киевская көшесі, 69.
Конференцияның мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының экологиялық білім беру және ағарту жүйесіне аймақтық компонентті енгізу негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Міндеттері:
- Шығыс Қазақстан ғалымдарының экологиялық-биологиялық, географиялық және өлкетану зерттеулерінің нәтижелерімен, сондай-ақ оқушылардың экологиялық ойлауын дамытуға ықпал ететін облыс педагогтерінің жаңа әдістемелік әзірлемелерімен және ұсынымдарымен танысу.
- Қазіргі заманауи мұғалімнің экологиялық-білім беру қызметінде аймақтық компонентті қолдану тәжірибесі бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің үздік іс-тәжірибесін тарату.
Конференцияның бағдарламалық-тақырыптық жоспары
09.00-10.00 – Конференцияға қатысушыларды тіркеу
10.00-10.10 – Конференцияның салтанатты ашылуы
10.10-12.00 – Пленарлық отырыс
12.00-13.00 – Түскі үзіліс
13.00-16.00 – Секциялық жұмыс
Қорытындылау әр секция бойынша жеке-жеке жүргізілді.
Секциялық отырыстар келесі бағыттар бойынша өткізілді:
1.Аймақтық экологиялық проблемалар, мұғалімнің оларды шешу тәжірибесі;
2.Білім беру мен ағартудағы аймақтық компонент;
3.Өлкетану және туризм – мұғалімнің аймақтық компонент ретінде зерттеуі мен қолдануында;
4.Жаратылыстану ғылымдары саласындағы аймақтық зерттеулер.
Конференция аясында секциялық ауызша баяндамалар жоспарланды.
Пленарлық мәжіліске ШҚО білім беру ұйымдары басшылығының өкілдері, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері, сондай-ақ белгілі табиғат зерттеуші ғалымдар шақырылды.
Пленарлық МӘЖІЛІС
Пленарное заседание
|
10.10 -10.15
|
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ Даутбеков Бақыт Даутбекұлы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары |
|
10.15 -10.20
|
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ Мырзабекова Гүлнұр Зейноллақызы- Көркем-эстетикалық және ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту зертханасының меңгерушісі. |
|
10.20 -10.35
|
35 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХИ БЕЛЕСТЕГІ ОЗ ЭКОБИООРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР ШОҒЫРЫ Цыганов Анатолий Павлович – Шығыс Қазақстан облысы ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры, биология ғылымдарының кандидаты, РЖА профессоры |
|
10.35 -10.50
|
«ТУҒАН ӨЛКЕ - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТІРІ ЗЕРТХАНАСЫ: ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ» Нұржан Гауһар - «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымының магистрі, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директорының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Жер елшілері» Бүкілқазақстандық креативті жастар қозғалысының ШҚО бойынша үйлестірушісі, «Мен – зерттеушімін», «Жасыл инновациялар және кәсіпкерлік» үйірме бірлестіктерінің жетекшісі. |
|
10.50 -11.05 |
АННА ВАСИЛЬЕВНА ЕГОРИНАНЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ: ЕСКЕ АЛУ Линёва Людмила Александровна – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті. |
|
11.05 -11.20 |
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ЖАЗУШЫЛАРЫ — АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТТІҢ БАСТАУЫНДА Прокопов Константин Павлович – б.ғ.к., ЖАК доценті, «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» ҰАҚ профессоры, РҒА корреспондент-мүшесі, РЖА профессоры; |
|
11.20 –11.35
|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ САНЫНЫҢ ШЕКТЕН ТЫС ТӨМЕНДЕУ ФЕНОМЕНІ Стариков Сергей Васисльевич - ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК табиғат бөлімінің меңгерушісі; |
|
11.35 –11.50
|
SNOW LEOPARD FUND ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕ Логинов Олег Витальевич – Snow Leopard Fund ҚҚ директоры, биолог. |
Пленарлық отырыс
«Дарын» орталығының құттықтау хатын табыстау.
Бірінші секция
Екінші секция
Үшінші секция
Конференция алқасы
Берілген өтінімдерге сәйкес, конференцияға Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан барлығы 47 адам қатысты.
Кестеде көрсетілгендей, қатысушылардың секциялар бойынша бөлінісі төмендегідей:
|
№ |
Секция |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
2026 |
|
1 |
«Мұғалімнің жұмыс тәжірибесіндегі аймақтық экологиялық мәселелерді шешу жолдары» Региональные экологические проблемы в практике решений их учителем |
9 |
10 |
6 |
4 |
6 |
10 |
10 |
|
2 |
«Білім беру және ағартудағы аймақтық компонент»; «Региональный компонент в образовании и просвещении»; |
18 |
10 |
27 |
29 |
27 |
18 |
13 |
|
3 |
«Өлкетану және туризм – мұғалімнің аймақтық компонент ретінде зерттеуі мен қолдануында» Краеведение и туризм в изучении и использовании учителем как региональный омпонент. |
9 |
9 |
6 |
4 |
1 |
6 |
8 |
|
4 |
«Жас ғалымдар жұмыстарындағы табиғи және урбанизацияланған орта аймақтық объектілерінің зерттеулері»; «Изучение региональных объектов природной и урбанизированной среды в работах молодых ученых» |
11 |
13 |
19 |
13 |
13 |
19 |
7 |
|
5 |
Жас ғалымдар жұмыстарындағы табиғи және урбанизацияланған орта аймақтық объектілерінің зерттеулері; Изучение региональных объектов природной и урбанизированной среды в работах молодых ученых. |
- |
9 |
2 |
- |
- |
- |
9 |
|
|
|
47 |
48 |
60 |
50 |
46 |
53 |
47 |
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- ғылыми жаңалығы, өзектілігі;
- практикалық құндылығы;
- зерттеу әдістерінің қолданылуы;
- жобаның техникалық рәсімделуі;
- көрнекіліктің болуы және қолданылуы;
- шешендік өнер;
- ерекшелігі (бірегейлігі).
Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Әр секция бойынша қазылар алқасының шешімімен ең үздік жобаларды ұсынған қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес бірінші, екінші және үшінші дәрежелі грамоталармен марапатталды.
Конференция материалдары бойынша «Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесіндегі аймақтық компонент – 2026» атты материалдар жинағы жарық көреді.