Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» әдістемелік-психологиялық бөлімі 2026 жылғы 7 – 16 қыргүйек аралығында «Менің отбасым!» атты қалалық челленджін өткізді.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың назарын олардың өміріндегі отбасының маңызды рөліне аудару, бейбітшілік, махаббат және қамқорлық идеяларын нығайту болды.
Челленджге Өскемен қаласының №30, №27, №29, №37, №49, №44, №45 және №50 мектептерінің оқушылары белсене қатысты. Жалпы есеп бойынша 96 оқушы өз отбасы тақырыбында суреттерін ұсынды.
Қатысушылар A4 форматында акварель, гуашь және қарындашпен жасалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жұмыстар отбасы құндылықтарын, туысқандық қарым-қатынасты, махаббат пен қамқорлықты бейнелейді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылық еңбегі үшін алғыс білдіреміз! Отбасы – адам өмірінің ең қымбат және негізгі құрамдас бөлігі. Оны бағалап, сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.