Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2026 жылғы 20 наурызда ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» ұйымдастыруымен дәстүрлі аймақтық экологиялық-биологиялық оқушылар конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Конференцияға Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.

Конференцияның мақсаты оқушылардың туған өлкенің табиғатын зерттеу барысында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, экологиялық-биологиялық білімдерді меңгеруі, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылды.

Конференция шеңберінде жас зерттеушілер өздерінің аймақтық экология, ботаника, зоология, химия, өлкетану, валеология салаларындағы ғылыми жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Секцияның қазылар алқасының құрамына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамынан оқытушылар мен ғалымдар шақырылды.

Конференция жұмысы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейінгі уақытты қамтыды.

Қатысқан оқушылар саны - 52; оның ішінде Өскемен қаласынан - 43 оқушы (№ 3, 7, 11, 20, 27, 34, 36, 39, 44, 46, 47 мектептері, IT-мектеп-лицей, «Исток» жеке меншік мектебі, «Бриг» жеке меншік мектебі, «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ, «Негізгі мектеп-интернат»КММ, НИМ). ШҚО мектептерінен 9 жоба ұсынылды: Солоновка - 3, Мало-Нарымка - 1, Балғын - 1, Таврия - 1, Бобровка - 3. Биылғы жылы облыстың 6 елді мекенінен қатысушылар болды. Аудандар бөлінісінде көшбасшы Большенарым ауданы (5 жоба) болып табылды.

Конференция жұмысы 8 секцияда жүргізілді. Секциялар бойынша келесі баяндамалар ұсынылды:

  • № 1 секция «Оқушылардың ботаникалық зерттеулері» - 6;
  • № 2 секция «Оқушылардың аймақтық география және өлкетану саласындағы ғылыми жобалары» - 8;
  • № 3 секция «Оқушылардың ғылыми жобаларындағы экологиялық-валеологиялық бағыттылық» - 4;
  • № 4 секция «Оқушылардың зоология саласындағы зерттеулері» - 6;
  • № 5 секция «Экологиялық-биологиялық зерттеулер және қоршаған ортаны қорғау» - 11;
  • № 6 секция «Экология. Қоршаған ортаға антропогендік әсерлерді зерттеу» - 6;
  • № 7 секция «Жасыл технологиялар және ресурстарды үнемдеу» - 8;
  • № 8 секция «Оқушылардың экологиялық-химиялық зерттеулері» - 3.

Барлығы конференцияда 52 баяндама ұсынылды.

Конференция жұмысы секциялар бойынша аяқталып, әр секцияның жұмысының қорытындылары шығарылды, барлық қатысушыларға оқушылардың аймақтық экологиялық-биологиялық конференциясына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.

Секциялық отырыстар барысында презентациялар көрсетілімімен бірге ауызша баяндамалар тыңдалды.

Конференция жұмысы келесі жоспар бойынша жүргізілді:

8:00-9:00 - Конференция қатысушыларын тіркеу.

9:00-9:30 - Конференцияның салтанатты ашылуы.

9:30-12:00 - Секциялардағы жұмыс.

12:00-12:30 - Қазылар алқасының жұмысы.

12:30 - Қорытынды шығару (әр секция бойынша жеке жүргізілді).

Қатысушылар секциялар бойынша келесідей бөлінді:

 

Секция атауы

2021

2022

2023

2024

2025

2026

1

Оқушылардың ботаникалық зерттеулері

Ботанические исследование учащихся

5

9

7

7

8

6

2

Мектеп оқушыларының аймақтық география, өлкетану және туризм саласындағы ғылыми жобалаулары

Научное проектирование в области региональной географии, краеведения и туризма

13

5

9

7

7

8

3

Оқушылардың ғылыми жобалауындағы экологиялық-валеологиялық бағыттылық 

Эколого-валеологическая направленность в научном проектировании учащихся

6

5

5

11

11

4

4

Оқушылардың зоология саласындағы зерттеулері

Исследование учащихся в области зоологии

4

3

5

15

9

6

5

Экологиялық-биологиялық зерттеулер және қоршаған ортаны қорғау

Эколого-биологические исследования и охрана окружающей среды

6

2

5

6

8

11

6

Экология. Қоршаған ортаға антропогенді әсерлерді зерттеу

Экология. Исследование антропогенных воздействий на окружающую среду.

8

9

7

3

8

6

7

Жасыл технологиялар және ресурстарды үнемдеу

Зеленые технологии и ресурсосбережение

3

6

6

5

4

8

8

Оқушылардың экологиялық-химиялық зерттеулері

Эколого-химические исследования учащихся

5

6

6

8

10

3

 

Всего

50

45

50

62

65

52

Конференцияда ұсынылған жобалардың едәуір бөлігі Экобиоорталық педагогтарының жетекшілігімен орындалды. Олардың көпшілігі жүлделі орындарға ие болды.

Серикова Н.Б. жетекшілігімен:

1.Амантай Амина, Қабылғазы Әліхан - 3 орын

2.Дүсіпхан Рамазан, Ғалибиятов Зият - 3 орын

Мамырбекова А.Б. жетекшілігімен:

1.Бақытханова Айлин - 2 орын

Недева А.В. жетекшілігімен:

1.Криврмазова Арина - 2 орын

Цыганов А.П. жетекшілігімен:

1.Миллер Данил - 1 орын

2.Мамедов Гасан Насимиевич - 3 орын

3.Мамедова Элина Насимиевна, Мамедова Эсмира Насимиевна - 3 орын

4.Леонтьева Яна Вадимовна, Храмцова Виктория Владиславовна - 3 орын

Баглан Маржан жетекшілігімен:

1.Садыкова Аружан - 1 орын

Халелова А.Т. жетекшілігімен:

1.Романюк Артём - 2 орын

Нұржан Гауһар жетекшілігімен:

1.Русланқызы Айзере - 1 орын

2.Мархабатқызы Айзада - 1 орын

3.Бақытжанқызы Кәусәр, Әскербек Сенім, Қайырғали Тоғыжан - 3 орын

4.Айтбек Айбек Марленұлы - 2 орын

5.Какимбекова Амина - 2 орын

6.Дүненбай Қайсар - 2 орын

Куликова Е.Н. жетекшілігімен:

1.Андреева Анастасия, Кучерин Родион - 3 орын

2.Гоменюк Григорий Ильич - 3 орын

3.Бузикова Марта - 1 орын

Недева А.В. жетекшілігімен:

1.Кривомазова Арина - 2 орын

Лукьянец Ю.Г. жетекшілігімен:

1.Ганди Токугава - сертификат

Барлығы Экобиоорталықтан 22 жоба ұсынылды (2025 жылмен салыстырғанда 1-ге көп және 2024 жылмен салыстырғанда 5-ке көп).

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • ғылыми жаңашылдығы, өзектілігі;
  • практикалық құндылығы;
  • зерттеу әдістерін қолдануы;
  • жобаның техникалық рәсімделуі;
  • көрнекіліктің болуы және қолданылуы;
  • шешендік шеберлігі;
  • өзіндік ерекшелігі.

Конференцияға қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар берілді. Әр секцияда қазылар алқасының шешімімен үздік жобаларды ұсынған қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес, бірінші, екінші және үшінші орындарға грамоталармен марапатталды.

Конференция материалдары бойынша жас табиғат зерттеушілерінің Реферативтік журналы жарық көреді.