«Оқу - зерттеу экобиоорталығының» экологиялық мониторинг балалар станциясының ғылыми экологиялық - өлкетану экспедициясы 2025 жылғы 19 - 24 тамыз аралығында өтті. Экспедиция мақсаты Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығына бару және республикалық, халықаралық экологиялық жобалар мен табиғат қорғау іс - шаралары шеңберінде бірлескен қызмет жөніндегі шарт - меморандум жасасу болды.
Экспедиция құрамына экологиялық, ботаникалық, энтомологиялық, зоологиялық және туристік - өлкетану бағытындағы ғылыми жобалар бойынша жеке зерттеу тақырыптарымен 15 оқушы қатысты.
Алты күндік экспедиция барысында экожүйелерді сипаттау, коллекциялық табиғи объектілер мен фото - бейнематериалдарды жинау жұмыстары жүргізілді. Алынған мәліметтер «Оқу - зерттеу экобиоорталығы» үйірмелеріне қатысатын оқушылардың ғылыми жобаларын сапалы орындау үшін пайдаланылатын болады.
Экспедицияға қатысушылар сапар барысында облыстық және республикалық деңгейдегі қорық аумақтарына – «Синегорск шыршалы тоғай», «Қиын - Керіш», «Жалындаған адырлар», «Шекелмес» табиғи ескерткіштеріне барды. Экологиялық экспедиция жүргізілетін және жұмыс істейтін жерлерде проблемалы табиғи аумақтарды тазарту бойынша іс - шаралар өткізілді.
Экспедициялық жұмыс табиғи экожүйелерді қолдауға бағытталған және қоршаған ортаны қорғау саласындағы конституциялық нормаларды сақтау және тәрбиелеу тұрғысынан өскелең ұрпақтың моральдық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан «Оқу - зерттеу экобиоорталығы» экологиялық мониторинг балалар станциясының ғылыми экологиялық - өлкетану экспедициясы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналып орайластырылды.