Қазақстанда дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Осының аясында "Оқу-зерттеу экобиоорталығының" педагог-психологы 2025 жылғы 5-16 қыркүйек аралығында оқушылар үшін "Менің отбасым" суреттер челленджін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың назарын олардың өміріндегі отбасының маңызды рөліне аудару. Челлендж 5-7 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған. Іс-шараға қала және облыс мектептерінің 82 оқушысы қатысты. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Қатысушылардың жұмыстары жарқын бояуларымен, шынайылығымен және шығармашылық идеяларының әртүрлілігімен ерекшеленді. Балалар өз суреттерінде жақындарына деген сүйіспеншілігін, құрметін, отбасылық дәстүрлерін және құндылықтарын бейнеледі.Оқушылардың белсенді қатысуы байқалды. Отбасылық дәстүрлер мен бірлескен шығармашылыққа қызығушылық артты. Отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін жағымды атмосфера қалыптасты. «Менің отбасым» челленджі ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және отбасы – қоғамның негізі екендігін насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара болды.