23 сәуір күні сағат 14:00 - де Оқушылар шығармашылық сарайының ауласында жас туристер - экологтарға арналған «Табиғатым - Махаббатым - 2025» слеті өтті.
Экологиялық өзгерістердің қазіргі ауқымы адам өміріне нақты қауіп төндіруде, бұл адамзаттың табиғатқа деген қарым - қатынасын өзгерту мәселесін өте өзекті етіп отыр. Экологиялық білім осы мақсатқа қызмет етеді.
Экологиялық білім беру - бұл оқушылардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған жүйелі педагогикалық іс - әрекет. Ол балалардың сезім арқылы қабылдауына, олардың санасына, көзқарастары мен түсініктеріне әсер етеді, оқушылардың сана деңгейін жоғарылатады, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін дамытады, оның жағдайына жанашырлықпен қарауға баулиды.
Жер күні (World Earth Day) - жыл сайын 22 сәуірде әлемнің әр түрлі елдерінде атап өтілетін халықаралық экологиялық шара. Бұл күн табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға арналған бастамаларды көтермелеу және экологиялық мәселелерге қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылады.
Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні - Қазақстанда жыл сайын табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылатын шара. Бұл күн, негізінен, табиғатқа қамқорлық көрсету, орманды қалпына келтіру және экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағаш отырғызу акцияларын өткізу үшін арналады.
Осы айтулы күнге байланысты, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу - зерттеу экобиорталығы» Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектеп оқушыларына арналған «Табиғатым - махаббатым» слетін ұйымдастырды.
Мектеп оқушыларының экологиялық санасын және дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оны қорғауға, арттыруға ұмтылуға тәрбиелеу, табиғатта еңбек ету дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту. Жас туристердің арасында табиғатты қорғау мен экологиялық сананы қалыптастыру, ағаш отырғызу акцияларын өткізу арқылы табиғатты сүйіп, оны қорғауға шақыру.
Байқауға барлығы 5 мектептен 5 команда қатысты, әр команда да 3 оқушыдан. Ең алдымен сап түзеу өтіп, Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды. Одан кейін командалар өздерін тансытырып, слеттің негізгі бөлімі басталды.
Сайыс 3 турдан тұрды.
І - тур. Ұйықтайтын қапты орау
ІІ - тур. Ошақ құрау және сөндіру техникасы эстафетасы
ІІІ - тур. Алғашқы медициналық көмек көрсету.
Слет қорытындысы бойынша: Экопортруль тобы - Бас жүлде, Найзағай тобы 1 - орын, Жалын және Ecotrip тобы 2 - орын, Ecopatrol тобы 3 - орынды иеленді.
Ұйымдастырушы: Өскемен қаласы әкімдігінің "Оқу - зерттеу экобиоорталығы" әдіскері - Баглан Маржан Охановна