Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

2025 жылдың 28 қаңтарында Оқушылардың шығармашылық сарайында «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің» және «Оқу - зерттеу экобиоорталығының» ұйымдастыруымен «Биохаус - 2025» байқауы өткізілді. Біздің әрқайсымыз табиғаттың, Жер планетасының бір бөлігі болып табылатындығымызға байланысты, іс - шара оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру, оларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оның байлығын қорғауға және арттыруға деген ұмтылысқа, біздің Жер - ана табиғатының сұлулығын сақтауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Іс - шараның қойылған міндеттерін іске асыру үшін екі тілдегі толық құжаттар топтамасы, оның ішінде ереже, байқауды өткізу бағдарламасы, сценарий, конкурсқа қатысу үшін өтінімдер, театрландырылған нөмірмен мектептердің экологиялық студияларының шығу кезектілігі, бағалау бойынша жадынамалар, қазылар алқасының мүшелеріне арналған кюветкалар, Алғыс хаттар, Шығыс Қазақстан қорықтары туралы бейнефильмдер, есеп дайындалды. Дайындық және байқауды өткізу кезеңінде іс - шараға қатысушыларға консультациялық қолдау көрсетілді.
Байқау ережесі бойынша мектеп оқушылары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар немесе өсімдіктердің моделін жасау керек болды. Модельдерді жасау үшін қайталама материал (пластик, қағаз, полиэтилен пакеттер, сым) пайдаланылды. Мектептерге жіберілген Ережеге Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің тізімі қоса берілді. Қолөнер алдын ала көрмені аралау кезінде қазылар алқасының бағалауы үшін Оқушылардың шығармашылық сарайының 1 қабатының фойесіне қойылды. Содан кейін мектеп оқушыларының экологиялық студияларының театрландырылған костюмдер арқылы байқауы басталды. Қазылар алқасы келесі бағалау критерийлері бойынша бағалау жүргізді:
- негізгі өмір сүру жағдайларын дәл бейнелеу және түрді сақтау мәселелері;
- осы түрді сақтау бойынша ұсыныстар;
- өнердің көркемдігі мен өзіндік ерекшелігі.
«Биохаус - 2025» қалалық байқауына Өскемен қаласы мектептерінің 73 оқушысы қатысты. «Биохаус - 2025» байқауында ең белсенді өнер көрсеткен №34 мектеп және Негізгі кешкі мектеп интернаты 34, 38 мектеп 2 экотеатрлық ұжымдар 45, 24, 39, 50, 38, 47, 43, 36, 34, 44 және Негізгі мектеп интернат оқушылары болды. «Биохаус - 2025» байқауының барлық қатысушылары мен жетекшілері білім бөлімнің Алғыс грамоталарымен және сертификаттарымен марапатталды.
Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 
«Үй тапсырмасы» сырттай туры
Бас жүлде 34 мектеп 
1 орын - 47 мектеп 
2 орын - 38 мектеп 
2 орын - 24 мектеп 
3 орын - 43 мектеп 
3 орын - 39 мектеп 
3 орын - 50 мектеп 
Кешкі
«Планетаның тірі мұрасы!» іштей туры
Бас жүлде 34 мектеп 
1 орын - 36 мектеп 
2 орын - 47 мектеп 
2 орын - 38 мектеп 
3 орын - 39 мектеп 
3 орын - 44 мектеп 
«Биохаус - 2025» қалалық байқауының соңында қатысушылар мен мұғалімдердің оң пікірлері айтылды. Қазылар алқасының мүшелері Дакиева Күлзипа Жусуповна - Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Экология және география» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, Стариков Сергей Васильевич - Облыстық тарихи - өлкетану мұражайының ғылым бөлімінің меңгерушісі, Амиров Мерхат Муслимханович - «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» Орман және аңшылық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары байқауға деген жете дайындықты және қала оқушыларының экологиялық студияларының өнерлерін атап өтті. 
«Оқу - зерттеу экобиоорталығының» әдіскерлері М. О. Баглан және Халелова А.Т.