2025 жылғы 17 қазанда Чехов көшесі, 63 мекенжайы бойынша орналасқан Оқушылар шығармашылық сарайының акт залында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Күзгі симфония!» тақырыбындағы «Фитодизайн – 2025» жас фитодизайнер-экологтардың қалалық фестивалі ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға қала мектептерінен оқушылар шақырылды.
Іс-шараға белсенді қатысқан мектептер:
-
1-орын:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған «Негізгі орта мектеп-интернат» КММ, №26, 38, 39, 48, 23, 35 мектептері.
-
2-орын:
№30, 46, 36, 44, 47 мектептері, сондай-ақ Ново-Троицк негізгі және Меновное орта мектептері.
-
3-орын:
№34, 24, 45, 43 мектептері.
Барлығы – 67 қатысушы!
Барлық оқушылар байқауға қатысқаны үшін грамоталар мен сертификаттарға ие болды.
Әдемі композициялар, ерекше флористикалық жұмыстар мен фитодизайн бойынша бірегей декорацияларды «Фитодизайн – 2025» фестивалінің қатысушылары Қазақстан Республикасы күніне арнады!