2024 жылдың 15 қазанында Чехов көшесі, 63 мекен - жайы бойынша Оқушылардың шығармашылық сарайының акт залында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Күзгі симфония!» тақырыбында «Фитодизайн - 2024» жас фитодизайнер - экологтардың қалалық фестивалі ұйымдастырылып, өткізілді. Іс - шараға қала мектептерінен оқушылар шақырылды.
Іс - шараға ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған «Негізгі орта мектеп - Интернат» КММ (3 команда), № 1, 2, 3 мектептер (2 команда), 5, 7 мектептер (2 команда) 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22 мектептер оқушылары, ОЗ экобиоорталығының «Жас Ландшафтшы», «Экологиялық - ағылшынша қарқын» үйірме бірлестіктері белсене қатысты.
Барлығы - 64 қатысушы!!!
Барлық оқушылар қатысқаны үшін грамоталар мен сертификаттарға ие болды!
Әдемі композициялар мен ерекше флористикалық жұмыстарды, фитодизайн бойынша бірегей декорацияларды «Фитодизайн - 2024» фестивалінің қатысушылары Қазақстан Республикасы күніне арнады!!!