Қазақстан Республикасы күніне арналған «Фитодизайн – 2026» жас фитодизайнер-экологтардың қалалық флористикалық байқауын өткізу туралы есеп
2026 жылғы 16 қазанда «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Фитодизайн-2026» жас фитодизайнер - экологтардың қалалық флористикалық байқауы ұйымдастырылып және өткізілді.
Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік талғамын дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және туған өлкенің табиғи байлығына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Іс-шара туған өлкенің флорасын зерттеуге, оқушыларға патриоттық тәрбие беруге және олардың экологиялық мәдениетін дамытуға септігін тигізе отырып, «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру (қазан айы – «Тәуелсіздік және патриотизм») шеңберінде өткізілді.
Биылғы «Күзгі симфония» тақырыбымен өткен флористикалық байқау қаланың 14 мектебінің (№ 1–22 мектептер) өкілдерінің басын қосты. Іс-шараға 65 адам қамтылды. Жас флористер күзгі жемістерден, гүлдерден, кептірілген гүлдер мен табиғи материалдардан ерекше композициялар ұсынып, өздерінің қиялдары мен шеберліктерін, сондай-ақ табиғат сұлулығының сан алуандығын көре білу қабілеттерін көрсетті.
БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
«Ең сәнді композиция»
1-орын — №1 ОМ
2-орын — №3 ОМ
3-орын — №19 ОМ
«Ерекше үлгідегі композиция»
1-орын — №9 ОМ және №18 ОМ
2-орын — №6 ОМ
«Ең экстравагантты композиция»
1-орын — №12 ОМ
2-орын — №19 ОМ
«Ең романтикалық композиция»
1-орын — «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ
2-орын — №17 ОМ
3-орын — №4 ОМ
«Ең талғампаз композиция»
1-орын — №20 ОМ
3-орын — №12 ОМ
«Ертегідей композиция»
1-орын — «ШҚО ББ №8 арнайы мектеп-интернаты» КММ
2-орын — №11 ОМ
3-орын — «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ
«Ең шығармашыл композиция»
1-орын — «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ
2-орын — «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ
3-орын — №15 ОМ
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұстаздарға қатысушыларды дайындағаны, шығармашылық көзқарастары және мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз.
Байқау тәжірибе алмасу, балалардың талантын ашу және флористика өнерін дәріптеу алаңына айналды. Мұндай іс-шаралар экологиялық тұрғыдан жауапты азаматтарды тәрбиелеуге көмектеседі, туған өлкенің табиғи мұрасын бағалауға және қоршаған ортадан сұлулықты көре білуге үйретеді.