11.09.2026 жылы "№36 орта мектебі" КММ 5 «В» сынып оқушылары «ОЗ экобиоорталығының» «Экзотикалық жануарлар көрмесіне» барды.
Іс-шараға 11 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары өздері үшін жаңа жануарлар түрлерімен танысып, табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі заманауи жобалар туралы білді. Олардың қойған сұрақтары мен талқылаулары табиғатқа және оны қорғауға деген шынайы қызығушылықтарын көрсетті.