Халықаралық биоалуантүрлілікті сақтау күніне және Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күніне арналған
қалалық жас экологтар байқауын өткізу туралы есеп
«Биохаус - 2026»
(қала мектептерінің оқушыларын шақырумен)
2026 жылғы 29 қаңтарда Оқушылар шығармашылық сарайында «Биохаус - 2026» қалалық байқауы өткізілді. Байқауды Өскемен қаласы бойынша Білім бөлімі мен «Оқу-ғылыми экобиоорталығы» ұйымдастырды.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, оны қорғауға және көбейтуге ұмтылысын арттыру, табиғаттағы іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыларды дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.
БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
•оқушылар үшін табиғи биоалуантүрлілік нысандарын екінші реттік шикізаттан модельдеу және жасауға бағытталған қолайлы жағдайлар жасау;
•өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі және қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
•туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға және Жер бетіндегі тіршілік үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
•оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту;
•білім беру ортасында экологиялық білімді насихаттау және тарату;
•оқушыларды жаппай қоғамдық табиғатты қорғау жұмыстарына тарту.
Қазылар алқасының құрамы:
1.Цыганов Анатолий Павлович - Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-ғылыми экобиоорталығының» директоры, биология ғылымдарының кандидаты, РАЕ профессоры, С. Аманжолов атындағы ШҚУ экология және география кафедрасының доценті.
2.Прокопов Константин Павлович - С. Аманжолов атындағы ШҚУ экология және география кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты.
3.Жазнаева Жанат Қадырбекқызы - С. Аманжолов атындағы ШҚУ экология және география кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы.
4.Стариков Сергей Васильевич - облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
5.Романова Елена Анатольевна - Өскемен қаласы білім бөлімінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебі КМҚК көркемсурет бөлімінің ИЗО пәні мұғалімі.
6.Нұржан Гауһар - «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Оқу-ғылыми экобиоорталығы» директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
7.Сапаев Ерасыл Болатович - облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат пен экологияны ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің маманы.
8.Быкова Зоя Прокопьевна - сәндік-қолданбалы өнер шебері, фитодизайн бойынша халықаралық байқаулардың лауреаты, «Фитодизайн және аранжировка» үйірмесінің жетекшісі.
9.Серикова Назым Бақытқанқызы - «Оқу-ғылыми экобиоорталығының» әдіскері.
Іс-шараның өту барысы:
•Байқаудың ашылуы - 2026 жылғы 29 қаңтар, сағат 13:00-де, Оқушылар шығармашылық сарайында.
•12:30-13:00 аралығында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің модельдерінен көрме безендірілді; қазылар алқасының көрмені аралап бағалауы - 13:00-13:30.
•Қаланың Өскемен және Шығыс Қазақстан өңірінің экологиялық мәселелерін ашатын мектеп экологиялық студияларының театрландырылған, костюмді қойылымдар байқауы - 13:20-14:00.
•Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау - 14:30.
Іштей кезеңнің қорытындылары:
Гран-при - №10 мектеп
I орын - №17 мектеп
II орын - №9, №12 мектептер
III орын - №20, №4, №7 мектептер
Сырттай кезеңнің қорытындылары:
Гран При -№7 мектеп
I место -№24 мектеп
II место -№20, №17 мектептері
III место -№4, №5, №12 мектептері