2024 жылдың 18 маусымы мен 21 маусымы аралығында жергiлiктi экологиялық мониторинг шығу станциясының шеңберінде Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы аумағына Оқу - зерттеу экобиоорталығының оқушылары мен мұғалімдерінің экспедициясы болып өттi. Экспедиция барысында оқушылар Батыс Алтайдың орта таулары мен қара тайгасының қайталанбас әлеміне шомылды. Лагерь Қара Уба өзенінің әдемі жағалауында құрылды. Линейский жотасының қорықтық бұрыштары мен Қара Уба аңғарына радиалды экскурсиялар кезінде оқушылармен жергілікті экожүйелердің қызықты ерекшеліктері, олардың биологиялық әртүрлілігі ашылды. Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың табылуы ерекше есте қалды. Экспедицияға қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларының тақырыптары бойынша мол материалдар жинай алды.