Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

«Табиғаттың ғажайып әлеміне терезе ашамыз» атты жазғы мектеп лагерінің жұмысы өз мәресіне жетті. Ауысым барысында білім алушылар үшін танымдық экскурсиялар, шығармашылық шеберханалар, тренингтік сабақтар, спорттық ойындар және экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Палеонтологтың экологиялық-ғылыми соқпағы», «Ақбауыр құпиялары» және «Экзотикалық жануарлардың таңғажайып әлемі» атты экскурсиялар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Барлығы экскурсияларға 1163 оқушы қамтылды. Балалар шеберлік сабақтарына, эстафеталарға және шығармашылық байқауларға 705 бала белсене қатысты. Сонымен қатар 152 дарынды балалармен жұмыстар да жүргізілді. Барлығы жазғы мектеп лагеріне 2020 оқушы түрлі іс-шаралармен қамтылды.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруға ықпал етті.