АЙЫР КӨЛІНЕ ЭКСПЕДИЦИЯ
Жазғы кезең саяхаттарға, табиғатты зерттеуге және жаңа, ұмытылмас әсерлерге тамаша мүмкіндіктер ашады. Оқу-зерттеу экобиоорталығының жазғы бағдарламасының бастамасы 28–30 мамырда ШҚО Ұлан ауданындағы Айыр көліне алғашқы (ұйымдастыру) экспедициясы болды. Көл Айыртау жартас массиві түзген қазаншұңқырда орналасқан, ол көлді үш жағынан таға тәрізді қоршап тұр.
Көлдің солтүстік жағалауында, кең жазық алаңда шатырлы лагерь құрылды. Автобустың қасында жиналмалы жорық үстелдері мен орындықтары қойылды, олар бір мезгілде асхана және камеральды зертхана қызметін атқарды.
Үш күн ішінде экспедицияға қатысушылар көркем табиғат аясында - ақселеулі әртүрлі шөпті далада, Айыртау жартас массивінің сілемдерінде, ылғалды шалғындық учаскелерде қызықты зерттеу бағыттарын жүріп өтті. Алдымен экспедиция жетекшісі Анатолий Павлович Цыганов оқушылар, студенттер, магистранттар және оқытушылардан құралған үлкен топқа үш сағаттық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында өңірдің өсімдік жамылғысы мен флорасы зерттелді.
Әрбір экспедиция қатысушысы ұжымдық танымдық экскурсиялардан бөлек, өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша бақылаулар жүргізіп, материалдар жинады. Экобиоорталық тәрбиеленушілерінің жан-жақты қызығушылықтарын ескере отырып, құмырсқалар фаунасы, бізтұмсық қоңыздар, бауырымен жорғалаушылар, құстар әлемі және көл экожүйесінің экологиялық жағдайы тереңірек зерттелді.
Экспедицияның соңғы күнінде өлкетану және экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Елена Николаевна Куликова жартастағы суреттер бар үңгірге қызықты экскурсия жүргізді. Ежелгі аңыздарға сәйкес, бұл үңгір қазақ батырларының кеңес өткізген орны болған.
Ұйымдастыру экспедициясының нәтижесінде болашақ зерттеу жобаларына арналған материалдар жиналды – кітапшадағы жазбалар, фотосуреттер, коллекциялық үлгілер жиналып, әрине, ұмытылмас әсерлер мен жаңа ашылымдарға деген құштарлық қалыптасты.

Экспедиция жетекшісі, «ОЗ Экобиоорталығының» директоры – Анатолий Павлович Цыганов зерттеу бағыты бойынша жұмыс жүргізуде

Көлдің солтүстік жағалауында, кең жазық алаңда шатырлы лагерь құрылды.

Автобустың қасында жиналмалы жорық үстелдері мен орындықтары қойылды, олар бір мезгілде асхана және камеральді зертхана қызметін атқарды.

Экскурсиялар барысында оқушылар жеке ғылыми жобаларының тақырыптарына сәйкес бақылаулар жүргізіп, материалдар жинады.

Экспедицияға қатысушылар тобы Айыр көлінің маңындағы энтомофаунаның түрлік құрамын зерттеуде.

Өлкетану және экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Елена Николаевна Куликова жартас суреттері бар үңгірге экскурсия жүргізуде.