2026 жылғы 9 қарашада Өскемен қаласындағы Экобиоорталықтың фауна зертханасында №31 орта мектептің білуге құштар оқушылары мен «Ғылыми жобалау» үйірмесінің жас натуралистеріне арналған ғылыми-танымдық квест өткізілді.
Табиғи нысандардың тірі экспозициялық алаңын мұқият зерттеу негізінде жас зерттеушілер алаңдағы зертханалық жануарлардың тіршілік ету ортасының жағдайларына экологиялық-биологиялық салыстырмалы және хорологиялық (таралу аймақтарын зерттеу) талдау жүргізді. Сонымен қатар олардың ғаламшардағы таралу ареалдарымен танысты.
Жүргізілген талдаулардың нәтижелерін талқылау барысында квестке қатысушылар өздерінің танымдық көкжиегін кеңейтіп, жеке зерттеу жобаларын сапалы жүзеге асырудың алдағы бағыттары мен перспективаларын айқындады.