Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

2025 жылдың 18 желтоқсаны мен 2026 жылдың 9 қаңтары аралығында «Өскемен қаласының білім бөлімі» мен «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» ұйымдастыруымен «Шыршаны сақтайық» экологиялық-өлкетану челленджі өтті.

Іс-шара жаңа жылдық мерекелер кезінде қылқан жапырақты ағаштарды сақтау үшін экологиялық-тәрбиелік табиғат қорғау шараларын белсендіру мақсатында «Адал азамат» мемлекеттік біртұтас тәрбие бағдарламасын (желтоқсан – бірлік пен ынтымақ; қаңтар – заң мен тәртіп) және «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді.

Жаңа жылдық мерекелердің басты атрибуттарының бірі – шырша. Жасыл қылқан жапырақты ағаштарды кесіп, безендіру дәстүрі XVII ғасырда Германияда пайда болып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Алайда бұл дәстүр көптеген жас ағаштардың жойылуына себеп болып отыр. Жаңа жыл қарсаңында тек шырша ғана емес, самырсын мен қарағай да кеңінен қолданылады.Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын жаңа жылдық мерекелер үшін питомниктерде 10 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш кесіледі. Бұдан бөлек, ағаштарды рұқсатсыз кесу деректері де кездеседі. Мұның барлығы облыстың дендрофлорасына айтарлықтай кері әсерін тигізуде. 300–500 жылға дейін өмір сүре алатын шыршалар небәрі екі апталық безендіру үшін жойылады.

 Экологиялық тәрбие тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау бойынша практикалық іс-әрекеттерді қалыптастыруға  бағытталған. Челлендж (ағылш. Challenge) – адам бейнекамерада тапсырманы орындап, оны желіде орналастыратын, содан кейін пайдаланушылардың шектеусіз санын тапсырманы қайталауға шақыратын бейне жанры. «Челлендж» сөзі әдетте «шақыру» деп аударылады, яғни «шақыру тастау» мағынасында қолданылады. Экологиялық челлендждер 2016 жылдан бастап экологиялық акциялардың танымал белсендіргішіне айналды. Қазақстанда жыл сайын жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды арттыратын бірнеше эко-челлендждер өткізіледі. 

«Шыршаны сақтайық» эко-челленджінің тапсырмасы бойынша 5-7 сынып оқушылары кез келген материалдан (қағаз, жылтырақ, бүршіктер, кәмпит және т.б.) шырша әшекейлерін жасап, ұялы телефондарына 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсірулері қажет болды. Дайын бейнероликті «ОЗ Экобиоорталығының» электрондық поштасына жіберу немесе ұйымның Instagram парақшасында # экобиоцентрука хэштегімен жариялау қажет болды. Челленджді өткізу барысында қатысушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетілді.

Барлығы 75 қатысушы қамтылды. Эко-челленджде ең белсенді № 3, 14, 17,19, 34,36,39,43,47, «Исток» мектептерінің оқушылары болды.
Экологиялық челленджге «Ұлан ауданының балалар шығармашылық үйі» мен Таврия ауылы мектебінің оқушылары да қатысты.
Барлық эко-челлендж қатысушылары мен жетекшілері білім бөлімінің Алғыс грамоталарымен марапатталды. 
«Шыршаны сақтайық» қалалық экологиялық-өлкетану акция-челленджінің қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан оң баға берілді.
Ақпарат Instagram парақшасында бар -

https://www.instagram.com/p/DTxLlwViDZI/?img_index=2&igsh=MTlldHN6bTdxdmE5eQ== 

«Оқу-зерттеу экобиоорталығының» ғылыми экотуризм және өлкетану бөлімінің меңгерушісі Е.Н. Куликова.