Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

12 сәуірде «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» Халықаралық құстар күніне арналған «Ornis-2023» қалалық экологиялық-орнитологиялық фестивалін өткізді. Іс-шараның мақсаты Өскемен қаласы мектептерінің оқушыларын туған өлкесінің биологиялық әртүрлілігін зерттеу, құстардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін тану саласындағы білімдерін жетілдіру және табиғатты қорғау шараларын жүргізу жұмыстарына тарту болды. 

Фестивальда «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» 2022-2023 оқу жылында өткізілген экологиялық және орнитологиялық іс-шаралардың қорытындысы шығарылды: мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің қыс мезгілінде құстарды азықтандыратын «Құстарға көмектесейік» акциясы. Оның шеңберінде қыстайтын құстарға жем беретін астаулар дайындау, оларды ілу және құстарды азықтандыру ұйымдастырылды. Акцияға Өскемен қаласының барлық 43 мектебі мен 37 балабақшасы қатысып, қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар дайындалды. Жыл сайын өтетін тағы бір шара – «Сәлем, құстар!» акциясы  Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Өскемен орман шаруашылығы» КММ-мен бірлесіп өткізілді. Өскемен қаласының оқушылары мен орманшылық қызметкерлері Глубокое ауданы Тарханка ауылының маңында қуыс ұя салатын құстар үшін жасанды ұялар орналастырды. Іс-шараға №1,3,6,7,16,19,20,24,38,47 орта мектептері, «Негізгі мектеп-интернат» қатысты. Іс-шараға жалпы алғанда 34 адам қамтылды. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Қалалық білім бөлімі мен «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» қала оқушыларына арнап ұйымдастырған «Орнис-2023» қалалық фестивалі қорытынды орнитологиялық іс-шара болып табылады, оған қоса орнитологиялық олимпиада мен мектеп оқушылары мен педагогтарға арналған «Өскемен қаласында және оның төңірегінде көктемгі экологиялық-фенологиялық бақылауларды ұйымдастыру» семинар сабағын бірге өткізді. Дәріскерлер: қалалық білім бөлімінің жаратылыстану-ғылыми цикл бойынша әдіскері Н.Т. Капчикова және «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» директоры,   биология ғылымдарының кандидаты А. П. Цыганов. 

Орнитологиялық олимпиада Google forms платформасында екі тілде электронды форматта өткізілді. Қазылар алқасының құрамы: М.Н.Райысов -   Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Өскемен орман шаруашылығы» КММ   аңшы-маманы; С.К.Айтхожина - «С. Аманжолов ат. ШҚУ» ҰАҚ «Экология және география» кафедрасының сениор-лекторы, жаратылыстану ғылымының магистрі; А.П.Цыганов А.П. – б.ғ.к. «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры.

«Орнис-2023» фестивалі аяқталысымен қорытындысы шығарылды. Қатысушылардың жалпы саны 63 адамды құрады. Орнитологиялық олимпиадаға 18 мектеп қатысты:1,3,4,7,8,14,16,17,18,19,22,23,24,36,38,42,46,47.

Олимпиада қорытындысы бойынша орындар берілді:

 Бас жүлде

 Кенжеғали Темірлан (№24 ом)

1 орын

Алямкин Никита (№ 36 ом)

Тюменцева Ева (№ 8 ом)

Серікова Мәрия (№2 ом)

2 орын

Бутин Кирилл (№ 19 ом)

3 орын

Гулякина Мария (№ 23 ом)

Злобина Светлана (№ 4 ом)

Чувашова Ирина (№ 18 ом)

Манарбек Айша (№ 3 ом)

«Ornis-2023» фестивальін өткізу қалалық білім бөлімі бекіткен «Жер - біздің ортақ үйіміз» экологиялық бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады және  ол Өскемен қаласы оқушыларының бердвотчерлік және орнитологиялық қозғалыстарын жандандыруға ықпал етеді.