Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

2022 жылғы 21 желтоқсан - 2023 жылғы 10 қаңтар аралығында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі мен Оқу-зерттеу экобиоорталығының ұйымдастыруымен «Шыршаны сақтайық!» атты қалалық экологиялық-өлкетану челленджі өтті.

 Іс-шара «Жер – біздің ортақ үйіміз» өңірлік экологиялық бағдарламасын және «Менің таңдауым – ТАЗА ҚАЛА!» ТҚҚ-ды бөлек жинау» қалалық бағдарламасын іске асыру аясында, жаңа жылдық мерекелер кезінде қылқан жапырақты ағаштарды сақтау жөніндегі табиғатты қорғау және экологиялық білім мен тәрбие беру іс-шараларын жандандыру мақсатында өткізілді.    

Іс-шараның алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі тілде құжаттардың толық пакеті: ереже және «ОЗ экобиоорталығы» instagram парақшасы үшін жаңалықтар релизі, алғыс хаттар, бейнероликтер, іс-шараны өткізу есебі дайындалды. Челлендж кезеңінде іс-шараға қатысушыларға консультациялық қолдау көрсетілді.

Эко-челлендж тапсырмасы бойынша 5-7 сынып оқушылары   шығармашылық көзқарас таныта отырып, жаңа жылдық безендіруге арнап кез келген материалдан (қағаз, жылтырақ зер, бүршік, кәмпит және т.б.) шырша жасауы; ұялы телефонға ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсіруі керек болды.

 Дайындалған бейнероликті «ОЗ экобиоорталығы» электрондық поштасына жіберу немесе ұйымның instagram парақшасында #экобиоцентрука хэштегімен орналастыру керек болды.

«Шыршаны сақтайық!» эко-челленджінің қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың жұмыстары ұсынылған екі бейнеролик дайындалды. Бейнеролик «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» instagram парақшасында жарияланды.

 Қатысушылардың жалпы саны 63 адамды құрады. Эко-челленджде ең белсенді № 3,6,14,16,17,18,29,30,36,38,42,46 және «Исток» мектептерінің оқушылары болды. Эко-челлендждің барлық қатысушылары мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Қалалық экологиялық және өлкетану акциясы – «Шыршаны сақтайық!» челленджінің қорытындысы бойынша қатысушылар жақсы пікірлер білдірді.

«Оқу-зерттеу экобиоорталығы» ғылыми экотуризм және өлкетану бөлімінің меңгерушісі Е.Н. Куликова