2026 жылғы 31 наурызда жасанды ұяларды ілу бойынша «Сәлем, құстар» атты экологиялық-орнитологиялық акция өткізілді. Оқушылар Өскемен орман шаруашылығының «Ертіс» орманшылығының қызметкерлерімен бірлесіп қараторғай үйшіктері мен шымшық үйшіктерін ілді. Іс-шараға № 7, 17, 20, 24, 26, 27, 33, 34, 36, 38, 41, 50 мектептің оқушылары белсенді қатысты.