Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта

2023 жылғы 31 наурызда Оқу-зерттеу экобиоорталығы «Сәлем, құстар!» орнитологиялық акциясын өткізді.Іс-шара қала мектептеріндегі орнитологиялық қозғалысты жандандыру мақсатында өткізілді.Акцияға қатысу үшін мектеп оқушылары шымшық, қараторғай үйшіктерін,  қызылқұйрық ұяшықтарын жасады.Биылғы жылғы акция Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» КММ-мен бірлесіп өткізілді.

  Іс-шараның ашылу салтанатында «Өскемен орман шаруашылығы» КММ  Тарқан орманшылығының аңшысы М.Н. Раисов, «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» ғылыми экотуризм және өлкетану бөлімінің меңгерушісі Е.Н. Куликова құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін мектеп оқушылары мен орманшылық қызметкерлері қуыс құстарға жасанды ұялар орнатты. Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Акцияға №1,3,6,7,16,19,20,24,38,47 мектептер барынша белсенді қатысты. Іс-шараға барлығы 34 адам қамтылды. «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» жыл сайынғы бұл экологиялық-орнитологиялық акцияны қалалық «Жер – ортақ үйіміз» бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес ұйымдастырады және өткізеді.